русский язык
Теннис

Рим турнирінде Рыбакина бастаған қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Рим турнирінде Рыбакина бастаған қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Италия астанасы Рим қаласында теннистен әйелдер және ерлер арасында өтетін турнирдің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Римде 7-19 мамыр аралығында өтетін WTA 1000 жарысында Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина өткен жылғы чемпиондық атағын қорғайды.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 161-орында тұрған румыниялық Ирина Бегу немесе іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен ойнайды.

Қазақстанның екінші, әлемнің 41-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда рейтингіде 87-сатыдағы италиялық Мартина Тревизаннан өтуге тырысып көреді.

Ерлер арасында Рим мастерс турнирін Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Александр Бублик те екінші айналымнан бастайды. Ол әлемнің 51-ракеткасы, испаниялық Педро Мартинес-Портеро немесе рейтингіде одан екі саты кейін тұрған португалиялық Нуну Боржештің қай жеңгенімен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 60-ракеткасы Александр Шевченко рейтингіде 36-сатыдағы мажарстандық Фабиан Марожанмен шеберлік байқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;