русский язык
Әлем футболы

Роналдудың Месси ойнайтын клубқа ауысу мүмкіндігі қарастырылып жатыр

news-banner7
mobile-news-top

Америкалық “Интер Майами” футбол клубы “Аль-Наср” шабуылдаушысы Криштиану Роналдуды командасына ауыстыру мүмкіндігін қарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

Журналист Абдулазиз Аль-Осаимидің дерегінше, “Интер-Майами” президенті Дэвид Бекхэм португалиялық жұлдызды МЛС клубына ауыстыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Дереккөз ақпараты бойынша, Бекхэм Роналду мен аргентиналық шабуылдаушы Лионель Мессидің бір командада ойнағанын қалайды.

2022 жылғы күзде Роналду “Манчестер Юнайтед” құрамында до теуіп жүрген кезде БАҚ Бекхэм португалиялық шабуылдаушымен келіссөз жүргізіп қойды деген ақпарат таратқан еді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;