Қазақстандық көркем гимнастшылар Азия чемпионатынан тағы үш медаль жеңіп алды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызӨзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде ел қоржынына Олимпиада жолдамасынан бөлек, тағы үш медаль түсті.
Атап айтсақ, кеше Қазақстан ересектер құрамасы 5 шығыршықпен жаттығуда Азия біріншілігінің қола жүлдесіне қол жеткізсе, жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыстан алтын және күміс медальға ие болды.