Федор Емельяненко Шавкат Рахмонов туралы пікірін айтты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызанымал ресейлік аралас жекпе-жек шебері Федор Емельяненко қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов туралы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
- Шавкатты сырттай танимын. Мансабын жеңіліссіз жалғастыра беруін тілеймін. Қызық файтер. Одан әрі дамып, чемпион болсын, – деді Федор Емельяненко Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, "Соңғы император" лақап атымен танымал Федор Емельяненко – төрт дүркін Pride FC чемпионы, екі дүркін RINGS жеңімпазы, Ресейдің аралас жекпе-жек одағының бұрынғы басшысы. Ол мансабындағы соңғы жекпе-жегін биыл ақпанда өткізді. Лос-Анджелестегі Bellator 290 турнирінде Емельяненко америкалық Райн Бейдермен кездесіп, жеңіліп қалды.