Қазақстандық гимнаст Париж Олимпиадасына іріктеуден өтті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызКөркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Олимпиада квотасына қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы көпсайыс қорытындысы бойынша бірінші орын иеленді. Ал жарыс ережесі бойынша, квота тек қана алтын медаль алған спортшыға беріледі.
Көпсайыс қорытындысы бойынша Эльжана Таниева 133.40 ұпай жинады. Ол Азия чемпионатының алтын медалімен бірге, Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізіп отыр.
Тағы бір қазақстандық спортшы Айбота Ертайқызы жарысты бесінші орынмен аяқтады.