Азия чемпионаты: Бокстан Қазақстан құрамасы жүлде саны жөнінен көш басында тұр
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБокстан Қазақстан ерлер құрамасы Астана қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы 2024 жылғы Азия чемпионатында он екі медальға қол жеткізетіні алдын ала белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл жөнінен ел құрамасы әзірге көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы Өзбекстан мен Үндістанның еншісінде он спортшыдан бар.
Одан кейін Қырғызстан жеті, Тәжікстан мен Иранда үш, Иордания мен Қытайда екі, Филиппин, Оңтүстік Корея мен Моңғолияда бір боксшы жартылай финалға жетті.
Құрлықтық додада еліміздің қыздар құрамасы Үндістан және Өзбекстанмен бірге алғашқы үштікті өзара бөлісіп тұр. Олардың әрқайсысында он екі спортшы жартылай финалға жетті.