Бағдос Олжабай: Қазақстанда жұдырықтасқаннан Ресей лигасында төбелескен маған жеңіл
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық файтер Бағдос Олжабай ресейлік АСА лигасымен жасасқан келісімшарты туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
«АСА-ға шығуыма Данияр Қасқырауов ағамыз себепші болды. Қазақстанда жұдырықтасқаннан гөрі Ресей лигасында төбелескен маған жеңіл, себебі отандық октагонда менде қатты қобалжу болады. Ал Ресейде төбелескенде өзімді толықтай көрсете алдым деп ойлаймын», - деді Бағдос.
Олжабай АСА ұйымындағы алғашқы жекпе-жекті 2024 жылдың 9 ақпанында бразилиялық Лиус Рафаэльге қарсы өткізіп, қарсыласын төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді.