Қазақстанның әлем чемпионатына дайындық турнирі жеңіліспен басталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін Qazaqstan Hockey Open аясында хоккейден Қазақстан құрамасы Ресейге (U25) қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын ресейліктердің жеңісімен аяқталды - 1:0. 14-минутта Василий Глотов шайба салды.
2023 жылы командалар Qazaqstan Hockey Open аясында кездескен. Сол кезде «Ресей 25» 3:0 есебімен жеңген еді.
Қазақстан құрамасы осы турнир арқылы 10 мамырда Чехияда басталатын әлем чемпионатына дайындалып жатыр.