русский язык
Теннис

Мадридтегі турнир: Елена Рыбакина жартылай финалда Арина Соболенкомен кездеседі

Мадридтегі турнир: Елена Рыбакина жартылай финалда Арина Соболенкомен кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

Астана уақытымен 00:30 шамасында қазақстандық Елена Рыбакина Мадридте белоруссиялық Арина Соболенкомен кездеседі, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мадрид WTA-1000 турнирінің жартылай финалында әлемнің екі үздік теннисшісі өзара мықтыны анықтайды.

Рыбакина өз мансабында тұңғыш рет Мадридтегі турнирдің жартылай финалына жетіп отыр. Елена мен Арина тоғызыншы рет кездескелі отыр.

Екі спортшы арасындағы өзара тартыста Соболенко 5:3 есебімен алда келеді.

Айта кетелік, биылғы маусымда Елена Рыбакина Брисбендегі (Австралия) WTA-500 турнирінде, Дубай (БАӘ) және Штутгарт (Германия) додасында топ жарды.

Сондай-ақ, Доха (Катар) мен Майамиде (АҚШ) өткен WTA-1000 санатындағы турнирлердің финалына шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;