Сергей Колос: Әсем Орынбайдың рейтинг арқылы жолдама алатын мүмкіндігі бар
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызСтенд атудан Дохада (Катар) өткен іріктеу турнирінде Қазақстан екі олимпиадалық квотаға қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан сапынан Эдуард Ещенко мен Мария Дмитриенко көзге түсті. Бас бапкер Сергей Колостың айтуынша, Әсем Орынбайдың да жолдама алатын мүмкіндігі бар.
«Аталған турнирге қатысты өз жоспарымызды біз орындадық. Квота алдық. Әсем Орынбай да жақсы өнер көрсетті. Ол финалға шықты. Рейтинг бойынша ол Олимпиаданың іріктеуінен өте алады. Орынбай бұл тізімде бірінші тұр», - дейді бапкер.
Айта кетелік, қазіргі таңда команда Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан әлем кубогіне қатысуда.