русский язык
Хоккей

Қазақстан құрамасы Ресей және Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан құрамасы Ресей және Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы мамыр айында Астана қаласында Ресей және Беларусь құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді.

Елордада 2-4 мамыр аралығында Qazaqstan Hockey Open турнирі жалауын көтереді. Оған Қазақстан, Ресей және Беларусь құрамалары қатысады.

Қазақстандық хоккейшілер 2 мамырда Ресей, 3 мамырда Беларусь құрамаларымен ойнайды.

Әлем чемпионаты 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді.

Топтық кезеңде ұлттық құрама АҚШ, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция және Польшамен сынға түседі.

Ел құрамасы 10 сәуірде шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы елордада элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына оқу-жаттығу жиынын бастады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;