русский язык

«Қайраттың» жаңа бас бапкер іздеуге қатысты ұстанымы белгілі болды

«Қайраттың» жаңа бас бапкер іздеуге қатысты ұстанымы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» клубтың бас бапкерлігіне үміткерлерді мұқият зерттеп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб басшылығы асығыс шешім қабылдамай, бос орынға үміткерлердің қысқа тізімін құрауда.

Алматылықтар Еуропада маусым аяқталған соң бапкерлерге ұсыныс жасайды.

Бұл ретте «Қайратты» тұрақты баптай алатын жалғыз қазақстандық маман – Рафаэль Уразбахтин.

Бұрын хабарланғандай, алдағы 3-4 турда Уразбахтин негізгі құрамды басқарады. Оң нәтиже көрсеткен жағдайда «Қайраттың» толыққанды бас бапкері бола алады.

Естеріңізге сала кетейік, «Ақтөбе» (1:3) мен «Қайсардан» (0:1) қатарынан екі жеңілісінен кейін Кирилл Кекер алматылық клубтың жаттықтырушы қызметінен кеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;