Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Экс-ан-Прованс қаласында (Франция) өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тәжірибелі қазақстандық теннисші іріктеу финалында испаниялық Пабло Руиспен кездесті.
Айта кетейік, бірінші сетте есеп Кукушкиннің пайдасына 3:0 болғанда қазақстандықтың қарсыласы кездесуді жалғастырудан бас тартты.
Матч 17 минутқа созылды.