русский язык
Хоккей

Қазақстан әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетті

Қазақстан әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 18 жасқа дейінгі хоккейшілер арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында үшінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлем чемпионаты Вантаа қаласында (Финляндия) өтіп жатыр.

Чехия құрамасына қарсы матч Қазақстанның тарихи жеңісімен аяқталды. Біздің хоккейшілер овертаймда 4:3 есебімен басым түсті. Бұл Қазақстан жасөспірімдер құрамасының әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісі.

Жалпы, Қазақстан әлем чемпионатында екінші рет ойнап жатыр. Бұған дейін жеңіске жетіп көрмеген еді.

Чехия — Қазақстан ОТ 3:4 (2:1, 1:1, 0:1, 0:1)

Шайбалар:

1:0 - Кош (Сикора, Кубиеса), 13:37

2:0 - Бенак (Полетин), 15:44

2:1 - Большедворский (Сағымбаев, Симонов), 19:26

2:2 - Корнеев (Сәркенов, Большедворский), 23:15 ГБ

3:2 - Йехо (Титлбах), 38:42

3:3 - Перкин, 52:45

3:4 - Киреев (Шипилин, Черкасов), 64:03

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;