Григорий Ломакин Шымкент ITF турнирінің чемпионы атанды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шымкент ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Павел Вербинмен бірге төрт кездесуін сәтті өткізді.
Соның ішінде қазақстандық-ресейлік жұп финалда доданың 1-ракеткалары, үндістандықтар С.Д.Праджвал Дев - Сай Картик Реддимен бас жүлдені сарапқа салды.
Г.Ломакин - П.Вербин тартысты матчта 7:6 (11:9), 6:3 есебімен жеңіске жетті.