Алматыда өтетін турнирде ресейлік бұрымды файтер өнер көрсетеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз17 мамырда Алматыда өтетін OCTAGON 58 турниріне қатысатын кезекті жұп анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің әйелдер жекпе-жегінде ресейлік Александра Савичева (5-1) мен грузиялық София Багишвили (10-4) кездеседі.
Айта кетейік, Савичева бұған дейінгі жекпе-жегін 2023 жылдың қазан айында өткізіп, қазақстандық Анастасия Дюжикованы (7-3) жеңген болатын.
Ал Багишвили кейінгі кездесуін Brave CF 81 турнирінде өткізіп, бірінші раундта словениялық Моника Кучиничтен (4-2) жеңіліп қалды.
Кештің басты кездесуінде жартылай ауыр салмақтағы чемпион Кәрім Рузбакиев (9-2) Константин Меркуловпен (5-3) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі