Айымбетовтің командасы өз алаңында «Галатасарайдан» жеңіліп қалды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызФутболдан Түркия чемпионатының 34-тур ойыны өтіп, онда «Адана Демирспор» өз алаңында Стамбулдың «Галатасарай» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аданадағы «Жаңа Адана» стадионында өткен кездесуде 3:0 есебімен «Галатасарай» жеңіске жетті.
Гол соққандар: Хаким Зиеш (53), Керем Демирбей (64), Икарди Мауро (90+1).
Қазақстан құрамасы мен «Адана Демирспордың» шабуылшысы Абат Айымбетов алаңға 85 минутта шықты.
«Галатасарай» 93 ұпаймен Түркия Суперлигасының турнирлік кестесінде көш бастап тұр. «Адана Демирспор» 41 ұпай жинап, 11-орында тұр.