Хоккей

Тәжірибелі шабуылшы «Барыспен» келісімшартын ұзартты

Тәжірибелі шабуылшы «Барыспен» келісімшартын ұзартты
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы Даниил Апальковпен келісімшарттың ұзартылғанын ресми түрде мәлімдейді. Біржақты келісімшарт бір маусымға есептелген (2025 жылдың 30 сәуіріне дейін).

Апальков – командамыздағы ең тәжірибелі ойыншылардың бірі. Орталық шабуылшы ҚХЛ-да 550-ден астам матч өткізген. Даниил 2023 жылдың күзінде «Барыс» сапын толықтырып, астаналық клуб құрамында 35 ойынға қатысты. Ол 6 шайба соғып, әріптестеріне 8 нәтижелі пас шығарып берген. Сондай-ақ, ол мұз айдынында орта есеппен 19 минут ойын уақытын алып, 22 рет шайбаны тартып алған.

«Апальков сенімді ақтап, ҚХЛ деңгейінде өнер көрсете алатынын дәлелдеді. Даниил секілді мінезді, қабілетті әрі мол тәжірибесі бар орталық шабуылшы «Барысқа» керек. Ол кем және артық құрамдағы ойын кезінде пайдалы өнер көрсетеді, мұз айдында артылатын көп міндетті өз мойнына ала алады. Менің білуімше, оған Астана мен клубымызда жасалған жағдай ұнайды, сондықтан келіссөз ұзаққа созылған жоқ», - деді «Барыс» бас менеджері Олег Болякин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер