Анна Данилина Португалиядағы жарыстың жартылай финалына шықты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Анна Данилина Оэйраш (Португалия) ITF W100 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина – нидерландылық Бибиана Схоофс алғашқы айналымда румыниялықтар Ирина Барэ – Кристина-Андреа Митуді 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстандық-нидерландылық жұп ширек финалда португалиялық Ана-Филипа Сантос – испаниялық Люсия Кортез Йоркты ойсырата ұтты - 6:3, 6:1. Бұл матч бір сағаттан астам уақытқа созылды.
Анна Данилина – Бибиана Схоофстың жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.