Әлем футболы

Мбаппе «Реалға» ауысса 128 млн еуродан айрылады

Мбаппе «Реалға» ауысса 128 млн еуродан айрылады
news-banner7
mobile-news-top

«Реалда» оған небәрі 50 млн еуро бонус береді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе мадридтік «Реал» сапына ауысса өте қомақты бонустан айрылады деп хабарлады инсайдер Рамон Альварес.

Француз ойыншысы маусым аяқтала ПСЖ-дан кететіні белгілі. Ал, оның бұл әрекеті жүздеген миллион еуродан бас тартқанмен бірдей.

«Мбаппе ПСЖ-мен келісімшартты созған жағдайда 89,6 млн еуро бонусқа ие болатын еді. Сонымен қатар, 38,2 млн еуроны жыл соңына дейін жалақы ретінде алуы тиіс болған. Ол яғни 128 млн еуродан бас тартқалы отыр», - деп жазды Альварес.

Мбаппенің париждік клубтағы келісімшарты биыл маусым айында күшін жояды. Ол «Реалға» ауысқан жағдайда мадридтік командадан 50 млн еуро бонус алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер