Чемпиондар лигасы: Жартылай финалға шыққан екі команда анықталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЧемпиондар лигасының 1/4 финалының қарымта ойынында ПСЖ «Барселонаны» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Каталониядағы кездесу 4:1 есебімен париждіктердің пайдасына шешілді.
Парижде өткен бірінші ойын каталондықтардың жеңісімен аяқталды – 3:2. Жалпы есеп 6:4 ПСЖ пайдасына.
Париждіктер Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығып, Мадридтің «Атлетико» командасын жалпы 5:4 (1:2, 4:2) есебімен жеңген Дортмундтық «Боруссиямен» ойнайды.
Чемпиондар лигасының жартылай финалының алғашқы ойындары 30 сәуір мен 1 мамырда, жауапты ойындар 7 және 8 мамырда өтеді.