Әлем чемпионатына ел намысын қорғайтын еркін күрес шеберлері анықталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызИордания астанасы Амман қаласында өтетін күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар тізімі белгілі болды.
Еркін күрестен әлем чемпионатына Мерей Базарбаев (57 келі), Әбдінұр Нұрланбек (61 келі), Санжар Мұхтар (65 келі), Егор Анчугин (70 келі), Ерхан Бексұлтанов (74 келі), Мағжан Жанырбай (79 келі), Иманғали Қалдыбек (86 келі), Ризабек Айтмұхан (92 келі), Камиль Куруглиев (97 келі), Марлен Құрлысбек (125 келі) ел намысын қорғайды.