Будапештегі әлем чемпионатында Қазақстанның намысын 8 жеңіл атлет қорғайды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызВенгрия астанасы Будапешт қаласында жеңіл атлетикадан XIX әлем чемпионаты жалауын көтереді.
Дүниежүзілік додаға 200 астам елдің спортшылары қатысады. Қазақстанның атынан 8 атлет өнер көрсетеді:
Каролин Чепкоеч Кипкиру – 5000 және 10000 м жүгіру
Дэйзи Джепкемей – 3000 м кедергілермен жүгіру
Надежда Дубовицкая – биіктікке секіру
Кристина Овчинникова – биіктікке секіру
Елизавета Матвеева – биіктікке секіру
Жанна Мамажанова – марафон 42 км 195 м
Галина Якушева – спорттық жүріс 35 км
Давид Ефремов – 110 м кедергілермен жүгіру
Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 8 миллион 498 мың долларды құрайды. Сыйақылар тек жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ғана емес, сонымен қатар үздік сегіздікке енген спортшыларға да беріледі (80, 40, 20, 16, 12, 8, 6 және 4 мың АҚШ доллары). Әлем рекордын орнатқан спортшылар 100 мың доллармен бөлек марапатталады. Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты 27 тамызда мәресіне жетеді.