UFC 264: Макгрегор мен Порье қанша гонорар алады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЕкі салмақ бұрынғы UFC чемпионы Конор Макгрегор мен жеңіл салмақтағы уақытша чемпион Дастин Порье UFC 264 турнирінде кездеседі, деп жазады Prosports.kz.
Аталған жекпе-жекте қос файтер қанша гонорар алатыны белгілі болды.
МакГрегор 3 млн доллар нақты гонорар алады, Порьеге 1 млн доллар бұйырады. Сондай-ақ, МакГрегор ақылы трансляцияның 60%-ын, ал Порье 40%-ын алады. Қоса есептегенде Конордың жалпы табысы шамамен 10 миллион доллар, ал Дастиннің табысы шамамен 3 миллион доллар болады.
Айта кетейік, Конор МакГрегор мен Дастин Порье арасындағы үшінші жекпе-жек 11 шілдеде Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді. Қос файтер бұған дейін екі мәрте кездескен. Бірінші жекпе-жекте 2014 жылы қыркүйекте Конор бірінші раундта нокаутпен жеңсе, 2021 жылы қаңтарда өткен екінші жекпе-жекте керісінше Дастин қарсыласын нокаутқа жіберді (екінші раундта).