русский язык
Әлем футболы

УЕФА Чемпиондар лигасының финалына төрешілер тобы тағайындалды

УЕФА Чемпиондар лигасының финалына төрешілер тобы тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Чемпиондар лигасының финалындағы «Боруссия» мен «Реал Мадрид» арасындағы матчта қазылық ететін төрешілер тобы жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бас төреші болып словениялық Славко Винчич тағайындалды. Бұл кездесуде оның көмекшілері Томаж Кланчник пен Андраж Ковачич (екеуі де Словения) болады.

Төртінші арбитр Франсуа Летексье, тағы бір қосалқы төреші Сирил Мунье (екеуі де Франция) болады.

VAR төрешісі – словениялық Нейц Кайтазович, оның көмекшілері Словенияның тағы бір өкілі Раде Обренович пен италиялық Массимилиано Иррати болады.

«Боруссия» мен «Реал Мадрид» арасындағы Чемпиондар лигасының финалы 2 маусымға қараған түні Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;