Олимпиадаға іріктеу: Дін-Мұхамед Қошқар бірінші айналымнан сәтті өтті
![Олимпиадаға іріктеу: Дін-Мұхамед Қошқар бірінші айналымнан сәтті өтті](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/203991_88c064e21c922df09f5d45aad5f171e6.jpg?v=28645461)
Түркияның Стамбул қаласында басталған күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу сынын қазақ балуаны сәтті бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол өзбекстандық Махмұд Бакшиллоевты 5:0 есебімен ұтты.
Айта кетелік, іріктеу сынында алғашқы үш орынды иеленген спортшылар квотаға қол жеткізеді.