русский язык
Дзюдо

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Абылайхан Жұбаназар Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде үздік үштікке енді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Абылайхан 81 келі салмақта өткен кіші финалда чехиялық Адам Копецкиді мерзімінен бұрын жеңді.

Осылайша, Жұбаназар әлемдік турнирдің жүлдегері атанып қана қоймай, олимпиадалық рейтингте маңызды ұпайға қол жеткізді.

Айта кетелік, Душанбедегі Grand Slam турнирінде Қазақстан спортшылары сәтті өнер көрсетуде. Бұған дейін Мағжан Шамшадин (60 келі) күміске қол жеткізсе, Дархан Қойбағар (73 келі) қола медаль иеленген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;