русский язык
Басқа

Дархан Қойбағар Grand Slam тунирінде жүлдегер атанды

Дархан Қойбағар Grand Slam тунирінде жүлдегер атанды
news-banner7
mobile-news-top

Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржыны екінші медальмен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

73 келіде белдескен Дархан Қойбағар өз мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды.

Кіші финалда Дархан олимпиадалық рейтингте 30-орында тұрған моңғолиялық Ерденбаяр Бацаямен белдесіп, қосымша уақытта жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте алғашқы жүздікке де енбейтін Дархан Қойбаған үшін бұл үлкен жетістік екені сөзсіз.

Айта кетелік, турнир барысында Қойбағар Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Моңғолия балуандарынан басым түсіп, жартылай финалда швейцариялық қарсыласына жол берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;