русский язык
Бокс

Бокстан Азия чемпионатының финалистері белгілі болды

Бокстан Азия чемпионатының финалистері белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Астана қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалистері анықталды.

Атап айтсақ, Қайрат Сәтжанов жаттықтыратын жастар командасынан Азия чемпионатының финалына алты боксшы шықты.

Бұл жас дәрежесіндегі ақтық сын 6 мамыр күні өтеді:

60 келі. Алексей Хаванцев — Сагар Джахар (Үндістан)
67 келі. Төрехан Сабырхан — Мухамедазиз Исмаилов (Өзбекстан)
71 келі. Өнер Сейілхан — Пряндшу (Үндістан)
75 келі. Санжарәлі Бегалиев — Рахул Кунду (Үндістан)
80 келі. Мадияр Бексұлтанов — Мухаммадазиз Закиров (Қырғызстан)
86 келі. Иманғали Нұрпейіс — Ахмаджон Исроилов (Өзбекстан)

Осыған дейін қола жүлдегер атанған спортшылар белгілі болған еді.

Сарықұрлық додасында қазақстандық спортшылардан 51 келі салмақта Бексұлтан Боранбек, 54 келіде Нұрасыл Төлебек, 57 келі салмақта Жансері Көшербаев, 63.5 келіде Ахмет Үсен, 92 келі салмақта Расул Асанханов, +92 келіде Нұркелді Жұматай үздік үшінші орыннан көрінді.

Қыздар арасында тоғыз қазақстандық спортшы финалға өтті.

Ақтық сындағы жекпе-жектер:

52 келі. Бағжан Отынбай — Ниша (Үндістан)
54 келі. Аяжан Сыдық — Таманнам (Үндістан)
57 келі. Аяжан Ермек — Феруза Шарипова (Өзбекстан)
60 келі. Толғанай Қасымхан — Никита Чанд (Үндістан)
66 келі. Ұлдана Таубай — Дина Жанатбике (Қытай)
70 келі. Мария Сидоренко — Альмира Абдрайыммен (Қытай)
75 келі. Шұғыла Нәлібай — Рудрика (Үндістан)
81 келі. Аружан Зейноллаева — Хуши (Үндістан)
+81 келі. Панар Сейітханқызы — Собирахон Шахобиддинова (Өзбекстан)

Қола жүлдегерлер: 48 келі Әнел Абдрасилова, 50 келі Элянур Тұрғанова, 63 келі Аружан Жаңабаева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;