русский язык
Единоборства

Мағжан Шамшадин Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

Мағжан Шамшадин Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Grand Slam турнирдің финалында тәжікстандық спортшыға қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 кг салмақтағы финалда Мағжан тәжікстандық дзюдошы Мухаммедсалех Куватовқа қарсы кездесуде қарсыласына есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Шамшадин жартылай финалда ресейлік Изнаур Сааевпен кездесіп, жеңіске жеткен еді.

Еске салайық, Мағжан 2023 жылы Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;