Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шықты
![Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/201736_8163c95cc2f5da6fa59a4a43ea980a44.jpg?v=28642263)
Қазақстандық еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда ол грузиялық Мириан Майсурадзеден 8:2 есебімен басым түсті. Шешуші белдесу 18 қыркүйекте өтеді.
Ширек финалда ол түркиялық Фейзулла Актюркті алғашқы үш минутта-ақ 11:0 есебімен жеңген болатын.
Айта кетейік, әлем чемпионаты Белградта өтіп жатыр.