Judofans
Борьба

Әлемдік Гран При турнирінің жеребесі тартылды

Әлемдік Гран При турнирінің жеребесі тартылды
news-banner7
mobile-news-top

24-26 ақпан күндері Дюссельдорфта Гран При турнирі өтеді. 50 елден 346 дзюдошы қатысатын бұл турнирге Қазақстан Ұлттық құрамасынан 17 спортшы шығады.

Жеребе бойынша 60 келіде "А" тобына түскен Елдос Сметов жарысқа екінші айналымда қосылады. Пелим Филип (Бразилия) пен Клим Дукас (Германия) жұбының жеңімпазы Сметовтың алғашқы қарсыласы болмақ. Дәл осы салмақта "D" тобындағы Бауыржан Жауынтаевтың қарсыласы испаниялық дзюдошы Джер жос Франциско.


66 келіде Қырғызбаев Ғұмар алғашқы айналымда Миранда Аугустамен (Пуартэ Рико) белдессе, Азамат Мұқанов Хан-Могамедов Камалмен (Ресей) кездеседі.

Бұл жарыста 73 келіде бағын сынайтын отандасымыз Жансай Смағұлов "А" тобында Серси Марсельмен татамиге шығады.

81 келіде ел намысын қорғайтын Қажымұқан Өтеулиев "А" тобында екінші айналымда жарысқа қосылып, моңғол дзюдошысы Баянмунх Гаажадамбамен, "D" тобына түскен екінші дзюдошымыз Азиз Қалқаманұлы АҚШ спортшысы Хаттон Джэкпен белдеседі.

90 келіде Дәулетхан Жақыпов алғашқы айналымда серб спортшысы Маждов Неманямен, 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Серікбаев Айбек Бен Халед Аниспен (Тунис) "А" тобында күреседі.
Ал 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Ерғалиев Еламан германиялық Бойзжемн Бенжаминмен белдессе, Шынкеев Ержан бразилиялық Искуердо Руанмен кездеседі.

89ab794d7d8006736b554605da80f3ce.jpg

Қыздардан Түйтекова Айкүнім 52 келі салмақта жарысқа екінші айналымда қосылады. 63 келіде Урдабаева Мариан Эриксон Идамен, 70 келіде Қашқын Жанар Бернхолм Аннамен, Өмірәлиева Ділбар Буткерейт Мираммен белдеседі.
-78 келіде Амангелдиева Альбина турнирге екінші айналымда Фабер Кристинамен шығады. +78 келіде Исанова Гүлжан Буессоу Кристинмен күреседі.

Ал енді ресмилендірмей, ұлттық құрамаға кішкене тоқталып өтсем.

Біздің құрама үшін жаңа маусым енді басталардай. Бірінші жарысты жіберіп алдық, енді қателесуге болмайды.
Елдос татамиді сағынып қалған шығар деп ойлаймын. Себебі, бұл - Олимпиададан кейінгі бірінші жарысы. Бұл сынға сабазың сақадай сай! Өздеріңіз көріп отырғандай, Жансай жаңа салмақта бағын сынап көреді. Ол дәл осы 73 келіде 2016 жылы ел чемпионы болған еді. Енді әлемдік аренаға жаңа салмақпен шығып отыр. Ал 66-дағы Ғұмар болса ел біріншілігінде екінші орын алып, ұлттық құрама сапына енді. Қажымұқан Өтеулиев болса 81 келіде Қазақстан чемпионатында Азизбен финалда белдесіп, жеңіп кеткен болатын. Германиядағы жарысқа екеуі таңдалып отыр. Ауыр салмақта қазірше елімізде Ержан Шынкеевтің орнын басатын балуандардың аз болып тұрғаны біраз күмілжітеді. Дегенмен, Еламан Ерғалиев бізді ұятқа қалдырмайды деп ойлаймын. Бауыржан Жауынтаев болса 60 келіде 2016 жылғы чемпионатта әлемнің вице чемпионы Рустам Ибраевты жеңіп, финалға шыққан еді. Финалда да өзінің құрдасы, жастар құрамасындағы Қарағандылық Абылайхан Шаратовты жеңіп, ел чемпионы болды да, енді Дюссельдорфтағы Гран Приге қатысады. Жастардан мен үміт күтетін спортшылардың бірі әрі бірегейі осы - Бауыржан. Қазақстан құраимасындағы ең тәжірибелі дзюдошылардың бірі Азамат Мұқанов алғашқы кездесуін Әлем Чемпионатының қола жүлдегері Хан-Могамедов Камелмен өткізеді. Азамат та Әлем Чемпионатының жүлдегері екенін ескерсек, талас тартысты болғалы тұр.

Құрамадағы ең жас Айкүнім мен Жанар қызымыз жастар арасында беделі жоғары. Енді ересектер сапында татамиге шықпақ. Айкунім былтыр Ташкенттегі Гран приде алтын алып үлгерген еді. Сол ерлігін қайталаса екен тағы да. Альбина, Ділбар, Гүлжан апымдар өз ісінің хас шеберлері ғой. Гүлжан апыммен сөйлескенімде жарысқа дайын екенін айтқан болатын. Ал Мариан үшін бұл турнир Олимпиададан кейінгі алғашқы жарысы.

Жарыстың алғашқы күнінде ерлерден 60 кг, 66 кг және қыздардан 48 кг, 52 кг, 57 кг салмақ дәрежесіндегі дзюдошылар татамиге шығады.

Фото: Изтурган Алдауев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
;