Теннис

Михаил Кукушкин: «Дэвис кубогында Ресей құрамасын ұта алатынымызға сенімдімін»

Михаил Кукушкин: «Дэвис кубогында Ресей құрамасын ұта алатынымызға сенімдімін»
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин ProsportKz.kz тілшісіне неліктен Олимпиада ойындарына қатыспайтынын және Дэвис кубогының жеребесі сәтті өткенін айтты.

- Риодағы Олимпиада ойындарына қатыспайтыңыз белгілі болды. Не үшін?

- Иә, өкінішке қарай, Олимпиада ойындарына қатыса алмаймын. Бұған себеп,  Уимблдон жарысында алған жарақатым. Екі айдай емделемін енді. Есесіне, US Open мен Дэвис кубогына дайын боламын.

- Олимпиада өте маңызды турнир, бірақ көп теннисшілер Бразилияға барғысы келмейді. Зика вирусынан қорқады ма?

- Олимпиада әр спортшы үшін маңызды турнир. Бірақ көп теннисшілер бұл турнирге қатыспай, жеке додаларда бақ сынағысы келеді. Вирус туралы ештеңе айта алмаймын. Меніңше, бұл себеп емес.

- Жарты маусым артта қалды. Өз өнеріңізге қандай баға бересіз?

- Маусымның бірінші бөлігі маған ұнады. Өз ойыныма көңілім толды.

- Жақында ғана сіз қатарынан екі «Челленджер» турнирін ұттыңыз. Мұндай жарыстарда өнер көрсетуді жалғастырасыз ба әлде ATP турында ойнайсыз ба?

- Менің рейтингім АТР-турында ойнауға рұқсат бергенше, бұл жарыстарда өнер көрсетемін. Бірақ кейде «Челленджер» турнирлерінде ойнап, рейтингті өсіру үшін ұпай жинаған да дұрыс.   

- US Open турниріне қойған мақсатыңыз қандай?

- Кем дегенде, былтырғы нәтижемді қайталау – үшінші кезеңге дейін шығу. Бірақ жарақатымды ескерсек мұны істеу қиын болмақ. Не болса да, US Open-де бар күшімді саламын. Бәрі жеребеге байланысты болады.   

- Дэвис кубогының элиталық лигасындағы орнын сақтап қалу үшін Ресей құрамасымен кездесесіз. Бұл жайлы не айта аласыз?

- Бұл біз үшін жақсы жеребе. Ресейліктер оларға оңай қарсылас түсті деп ойлай берсін. Қазақстан құрамасының жеңіске жететініне сенімдімін. Ресей құрамасы да осал емес, онда жас ойыншылар көп. Бірақ біздің Дэвис кубогындағы тәжірибеміз мол. Өзімізге сенімдіміз.  

- Биылғы маусымның соңына дейінгі мақсатыңыз?

- ТОП-50-ге кірсем - бұл жақсы нәтиже болады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер