Теннис

Путинцева Олимпиадаға бармайды

Путинцева Олимпиадаға бармайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бірінші ракеткасы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды. Бұл туралы отандық БАҚ өкілдеріне Ұлттық командалар  мен спорттық резерв  Дирекциясының баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымов хабарлады.

"Қазір біз Юлия Путинцеваның Риодағы Олимпиадаға қатыспайтынын айта аламыз. Оған себеп - иық жарақаты. Бұл ақпарат бізге бүгін келді. Сонымен қатар, жарақатына байланысты Михаил Кукушкин де Олимпиада ойындарынан тыс қалды. Бүгінге дейін 26 спорт түрінен 106 лицензиямыз болған. Жарыстан тыс қалған теннисшілерімізді алып тастасақ, 104 спортшымыз Риоға барады. Әр спорт  түрінен баратын спортышалырмыз Риоға жарысқа шығатын уақытына байланысты ұшады", - деді Тоғымов.

 

 

 

Юлия Путинцева. Фото с сайта womenstennisblog.com
Подробнее:http://vesti.kz/olympic/223833/
Любое использование материалов сайта допускается только при наличии активной ссылки на Vesti.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер