Велоспорт

Алматыда әуесқойларға арналған «Tour Of World Class» веложарысы өтеді

Алматыда әуесқойларға арналған   «Tour Of World Class» веложарысы өтеді
news-banner7
mobile-news-top
Әуесқойларға арналған үшінші «Tour Of World Class» вложарысы Алматы қаласында 21 тамыз күні өтеді, деп хабарлайды inform.kz.
Ұйымдастырушалар берген ақпарат бойынша, биылғы веложарыста 12-14 жас аралығындағы баларларға жеке жарыс жолы бөлінеді.
Веложарысқа кез-келген адам қатыса алады. Биыл «Tour Of World Class»  үшінші мәрте өткізілгелі отыр. Спорт күніне арнайы ұйымдастырылған веложарысты World Class Almaty фитнес-клубы, Алматы Марафонның ұйымдастырушы комитеті мен  Александр Винокуров атындағы «Спортты қолдау және дамыту» қоғамдық қоры Алматы қалалық әкімдігінің қатысуымен ұйымдастырмақ..
« «Tour of World Class» веложарысы дәстүрге айналып үлгерді. Жарысты тек алматылықтар ғана емес, өзге қаланың тұрғындары да асыға күтіп жүр. Өткен жылы жарыс жолына Ресей, Қытай, Англия, Испания, Тәжікстан, Қырғыстан т.б елдерден спортшылар қатысқан болатын. Осы жылы 1000 спортшы жарысқа қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар, веложарыстың тарихында алғаш рет балалар жарысы ұйымдастырылады. Біз осылай жасы мен тұрғын орнына қарамастан велоспорт сүйер адамдардың арасында салауатты өмір салтын насихаттаймыз», —  деді Ұйымдастырушы комиттетің өкілі Салтанат Қазыбаева.
 
«Біз велоспорттың қазақстандықтардың арасында қарқынды дамитынына үміттенеміз. Мүмкін өскелең ұрпақтың арасында велоспортты кәсіби тұрғыда жалғастырып, кәсіпқой велошабандоз атанады. Қызығушылық танытқан адамдардың барлығын веложарысқа шақырамыз», — деді Олимпиада чемпионы және «Астана» командасының бас менеджері Александр Винокуров.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер