Волейбол

Қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатына жол тартты

Қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатына жол тартты
news-banner7
mobile-news-top

23-31 шілде аралығында Тайландтағы Накхонратчасима қаласында 19 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия чемпионаты өтеді.

19 жасқа дейінгі қыздар құрамасына танымал волейболшы Елена Павлова бапкерлік еткен болатын. Бапкерлер құрамына Сергей Трикоз бен Антон Рубцов кірді.  

Накхонратчасиму қаласында өтетін Азия чемпионатында «B» тобында ойнайтын болады. Топтық кезеңде біздің қыздар Гонконг, Қытай және Жаңа Зеландия құрамаларына қарсы ойнайды.

Екі оқу-жаттығу жиынынан кейін құрамаға келесідей ойыншылар ілікті:

Сабира Бекишева (№1), Кристина Белова (№2), Кристина Иноземцева (№3, капитан), Александра Мещанинова (№5), Гүлназ Алтаева (№6), Маргарита Бельченко (№7), Мария Ким (№9), Гүлназ Алтайбекова (№12), Ирина Шанина (№15, либеро), Динара Қожанбердина (№16), Фарида Рамазанова (№17), Анастасия Костенко (№18).

Естеріңізге сала кетейік, өткен Азия чемпионатында Қазақстан 7-орынға тұрақтағанболатын. Қытай құрамасы болса қазіргі Азия чемпиондары.

Қазақстан құрамасының әйелдер арасындағы 19 жасқа дейінгі Азия чемпионатында өткізетін ойындар кестесі.

 

23 шілде

Қазақстан-Гонконг

24 шілде

Қазақстан-Китай

25 шілде

Қазақстан-Жаңа Зеландия

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер