Хоккей

Александр Кожевников: «Әлем чемпионатындағы ең әлсіз команда – Қазақстан құрамасы болды»

Александр Кожевников: «Әлем чемпионатындағы ең әлсіз команда – Қазақстан құрамасы болды»
news-banner7
mobile-news-top

Екі дүркін Олимпиада чемпионы, белгілі хоккей сарапшысы ресейлік Александр Кожевников Russia-Hockey.ru сайтына Қазақстан құрамасының Мәскеудегі өнеріне өз бағасын берді. 

- Кеше «А» тобының аутсайдері әрі төменгі дивизионға ұшқан команда анықталды – бұл Қазақстан құрамасы. Бұл жайт сізді таң қалдырды ма? 

- Жоқ. Шын айтсақ, Мәскеудегі ең әлсіз команда – Қазақстан құрамасы болды. Оның сабында көбінде өскеменнің түлектері өнер көрсетті. Қазақстанда хоккейшілерді шығаратын жалғыз академия – Өскеменде ғана. Бұған қоса, командаға солтүстік америкалық ойыншылар қосылды. Олардың деңгейі ҰХЛ-дан гөрі АХЛ-ге ұқсас. Бойдтың үштігі Қазақстан құрамасына аса көмектесті деп айта алмаймын. Қазақтар жарыстың басында мінез көрсетіп, Швейцарияны ұтты. Ресеймен тартысты кездесу өткізді. Чехиялықтармен де жақсы ойнады. Ал өзінің басты қарсыластары Норвегия мен Латвияға қарсы ойында ештеңе көрсете алмады. 

- Бұл бас бапкер Андрей Назаровтың қателігі ме? 

- Менің ойымша, Назаров бұл ойыншылардан максималды нәтиже шығарды. Чемпионаттың соңында хоккейшілердің күші таусылды. Сонымен қатар, жарақат алған ойыншылар көбейді. 

- Қазақстан құрамасы бар күшін Ресей мен Чехияға қарсы ойында жұмсамай, өзінің тікелей қарсыластары Норвегия мен Латвиямен ойынға сақтауы қажет пе еді? Қалай ойлайсыз? 

- Бұл турнирлік тәжірибе. Латвия элиталы дивизионда 1997-ші жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Қазақтар болса, «лифт» ретінде, біресе төмен, біресе жоғары көтерілуде. Швейцариямен кездесу алдында Қазақстан құрамасы он жыл бойы А дивизионында жеңіске жетпеген. 

- Қазақстан құрамасын жергілікті БАҚ сынайтын сияқты... 

- Әрине, мұнсыз болмайды. Мәскеулік жанкүйерлерге жалпы қазақтардың ойыны ұнады. Үнемі қолдау көрсетіп, Қазақстанның бірнеше туын байқадым. Физикалық тұрғыда команда әлем чемпионатына дайын болмады. Не себепті? Мұны анықтау қажет. Менің ойымша, қазақстандық жанкүйерлер өз хоккейшілеріне алғыс айтуы керек. Өйткені қалған командалық спорт түрлерінде футбол, баскетбол, волейбол болсын қазақтар «Элитаға» шыққан емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер