Волейбол

«Kazsport» волейболдан Жапонияда өтетін жарысты көрсетеді

«Kazsport» волейболдан Жапонияда өтетін жарысты көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top
Жапония астанасы Токиода 14-24 мамыр аралығында волейболдан әйелдер арасында Олимпиада ойындарына жолдама беретін іріктеу турнирі өтеді. Жарысқа Қазақстан Ұлттық құрамасы да қатысады.
 
Іріктеу аясында еліміздің спортшылары Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд, Италия, Нидерланд, Перу және Доминикан Республикаларының командаларымен кездеседі. Регламент бойынша командалар бір-бірімен бір айналым ойнайды. Осыдан кейін үш үздік команда мен Азия құрлығының үздік құрамасы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама иеленеді.
 
Ұлттық құраманың бас бапкері Вячеслав Шапран турнирге келесі ойыншыларды шақырды:
 
Татьяна Фендрикова (№1, «Алматы»), Людмила Исаева (№2, «Алматы»), Диана Кавторина (№3, «Иртыш-Казхром»), Екатерина Жданова (№4, «Қарағанды»), Наталья Акилова (№6, «Қарағанды»), Зарина Сейітқазинова (№7, «Астана»), Инна Герман (№8, «Қарағанды»), Ирина Лукомская (№9, «Алтай»), Ирина Шенбергер (№10, «Астана»), Катерина Татко (№11, «Жетісу»), Радмила Береснева (№13, капитан, «Иртыш-Казхром»), Антонина Рубцова (№14, «Иртыш-Казхром»), Кристина Аниконова (№18, «Алтай»), Людмила Анарбаева (№19, «Жетісу»).
 
Айта кетейік, іріктеу жарысын «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
 
Олимпиада ойындарына іріктеу сайысындағы Қазақстан Ұлттық құрамасының ойындар кестесі:
 
14 мамыр
 
Қазақстан – Нидерланд
 
15 мамыр
 
Қазақстан – Жапония
 
17 мамыр
 
Қазақстан – Перу
 
18 мамыр
 
Қазақстан – Оңтүстік Корея
 
20 мамыр
 
Қазақстан – Таиланд
 
21 мамыр
 
Қазақстан – Доминикан Республикасы
 
22 мамыр
 
Қазақстан – Италия.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер