Хоккей

ӘЧ-2016. Қазақстан құрамасы Ресейге жол берді

ӘЧ-2016. Қазақстан құрамасы Ресейге жол берді
news-banner7
mobile-news-top

Хоккейден Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы турнир қожайындарына жол берді.

Ойын жоғары жылдамдықпен басталған. Нәтижесінде жанкүйерлер бірінші кезеңнің өзінде алты шайба көре алады. Есепті турнир қожайындары ашты. 7-минутта Шипачевтің пасынан кейін Дадонов қанжығасын майлады. Араға екі минут салып қазақстандық команда таразы басын теңестірді – көзге түскен Дастин Бойд болатын. Бұл есеп те  тоблода ұзақ сақталған жоқ. 10-минутта Роман Старченко шайбаны Бобровский қақпасында тулатты. Қазақстан құрамасы қуанып үлгерген жоқ, жылдам гол жіберіп алды. Бұл жолы Роман Любимов гол соқты. Екі минуттан соң Ресей құрамасы есептегі басымдықты қайда қолдарына алды. Мозякин айдын ортасында шайбаны иемденіп, бірден соққы жасады – шайба қақпа маңдайшасының астынан өтті. Командалар үзіліске кетер тұста қазақстандықтар тағы да есепті теңестіріп үлгерді. Бұл голды Евгений Рымарев өз еншісіне жазды.

Үзілістен кейін жанкүйерлер бірінші кезеңдегідей көп шайба көре алмады. Қос құрамада да қорғаныста сақ ойнай бастаған. Нәтижесінде 39-минутта ғана нәтиже өзгерді. Бір ойыншысы алаңнан қуылған Қазақстан қарсыластың кезекші шабуылына төтеп бере алмады. Антон Белов біздің қақпашыдан айласын асырды – 4:3.

Үшінші кезең қазақстандық команда үшін сәтті басталған. 42-минутта Андрей Назаров шәкірттері таразы басын теңестірді. Семенов өзіне берілген шайбаны қақпаға бағыттаған, Бобровский жақын бұрышты жауып үлгермей қалды. Бірақ ресейліктер бірден шабуылға ұмтылып, нәтижесінде кездесудегі бесінші шайбасын салды – Белов дубль авторы атанды.

50-минутта Беловтың пасынан кейін Любимов та екінші рет қанжығасын майлады. 6:4 – Ресей құрамасы екі гол басымдығымен алға шықты. Қазақстандықтар таразы басын теңестіруге қанша талпынғанымен, турнир қожайындары өз қақпасын бесінші шайбадан сақтай алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының екінші матчында жеңіліп қалды. Біздің команданың еншісінде әзірше 2 ұпай бар.

ӘЧ-2016. А тобы. 2-ші тур
 
Қазақстан – Ресей – 4:6 (3:3, 0:1, 1:2)
 
0:1 – Дадонов (Шипачёв, Белов) – 06:43.
1:1 – Бойд (Боченски, Доус) – 08:04 (5x4).
2:1 – Старченко (Худяков, Рымарев) – 09:02.
2:2 – Любимов (Калинин, Плотников) – 09:21.
2:3 – Мозякин (Дадонов, Шипачёв) – 11:11 (5x3).
3:3 – Рымарев (Старченко) – 19:46.
3:4 – Белов (Дацюк, Антипин) – 38:02 (5x4).
4:4 – Семёнов (Бойд, Доус) – 41:00 (5x4).
4:5 – Белов (Чудинов, Мозякин) – 43:57.
4:6 – Любимов (Белов, Дацюк) – 48:38.
 
Қақпашылар: Колесник – Бобровский.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер