Волейбол

«Алтай», «Астана» және «Жетісу» 4-турды жеңіспен бастады

«Алтай», «Астана» және «Жетісу» 4-турды жеңіспен бастады
news-banner7
mobile-news-top
Керекулік «Баянтау» спорт сарайында волейболдан ҚР чемпионатының әйелдер арасында Ұлттық лига шеберлерінің төртінші тур ойындары өтіп жатыр. 
 
Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады. Төртінші турдың алғашқы күні турнир көшбасшылары «Астана» мен «Жетісу» қарсыластарын бірдей есеппен ұтты. 
 
Әуелі елордалық қыздар «Қарағандыны» 3:0 есебімен тізе бүктірсе, талдықорғандықтар дәл осындай есеппен «Алматыны» жеңді. Павлодарлық волейболшылар өз алаңында өткен ойында өскемендік «Алтайға» есе жіберді. Тартысқа толы болған ойында шығысқазақстандықтар басым болды, есеп - 3:1. 
 
33 ұпайдан жинаған «Астана» мен «Жетісу» көш басында келеді. Алайда жеңген ойындарының көрсеткіші бойынша астаналықтар бірінші орынға жайғасты. «Ертіс-Казхром» 26 ұпаймен үшінші орынын сақтап қалды. «Алтай» 24 ұпай еншілеп, павлодарлықтарға жақындай түсті. 20 ұпаймен «Алматы» бесінші, ал сегіз ұпайға ғана қол жеткізген «Қарағанды» ең соңғы орында келеді. 
 
Бүгін жарыстың екінші күнінде алаң иелері «Алматыны» қабылдайды. Егер «Алтай» өз кезегінде «Қарағандыны» жеңсе, Светлана Котованың шәкірттері үздіктер сапынан шығып қалмақ. Сондай-ақ қос көшбасшы «Астана» мен «Жетісу» бақ сынасады. Барлық ойындарды «KazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Төртінші тур 26-қаңтарда аяқталады. 
 
Алғашқы ойын күнінің нәтижелері: 
«Астана» - «Қарағанды» - 3:0 (25:21, 25:21, 25:19) 
«Жетісу» - «Алматы» - 3:0 (25:15, 25:18, 27:25) 
«Ертіс-Казхром» - «Алтай» - 1:3 (22:25, 25:20, 17:25, 23:25)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер