АВТО/МОТО

Қазақстандық шабандоз «Африка» раллиінің 7-ші кезеңінен кейін көш бастады

Қазақстандық шабандоз «Африка» раллиінің 7-ші кезеңінен кейін көш бастады
news-banner7
mobile-news-top

Жол талғамайтын автокөліктер жарысында қазақстандық Қанат Шағыров 7-ші кезеңнен кейін көш бастады.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, қазақстандық шабандоз арнайы учаскенің мәресінде екінші және үшінші орындарға шыққан Жереми Шуасо мен ресейлік Антон Григоровты басып озды.

«Мавританиядағы Africa Eco Race раллиінің 7-ші арнайы учаскесінен кейін Қанат Шағыров көшбасшылығын нығайта түсті. Оның экипажы аралық учаскеде жүк машиналары, мотоциклдер, суперпродакшен және т.б. арасында абсолюттік бірінші орынға шықты!!!», - деп жазды Фейсбуктегі жеке парақшасында  Mobilexracing командасы.

Шағыров автокөліктер арасында көшбасшылықты сақтай отырып, ең жақын бәсекелесін 54 минутқа кейінге қалдырды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Қанат Шағыров пен Виталий Евтеховтың экипажы 7-ші кезеңдегі сөзсіз көшбасшы. Юрий Сазонов пен Алексей Кузьмичтің экипажы өкінішке орай бір саты төмен түсіп, жалпы есепте 7-ші орынға шықты. Құттықтаймыз!!! Жарыс әлі аяқталған жоқ, қалған шабандоздарымызды күтеміз!», - деп жазды команда Фейсбукте.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер