русский язык

Такуя Мацунага: Мен «Елімайдың» бас бапкерінің ойынына сай келмедім

Такуя Мацунага: Мен «Елімайдың» бас бапкерінің ойынына сай келмедім
news-banner7
mobile-news-top

«Елімай» құрамындағы Бірінші лига чемпионы, қазақ футболындағы алғашқы жапондық футболшы Такуя Мацунага Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында АФК Чемпиондар лигасының финалы жайлы ойларымен бөлісті, сондай-ақ Жапония құрамасының 23 жасқа дейінге Азия Кубогындағы жеңісі туралы пікір білдірді.

— Таки, 11 мамыр күні АФК Чемпиондар лигасының екі финалдық ойынының алғашқы кездесуі өтеді, онда эмираттық «Аль-Айн» мен жапондық «Иокогама Маринес» командалары трофей үшін таласады. Жалпы турнирді бақылап жүрсіз бе?

Әрине, мен азиялық Чемпиондар лигасын көремін.

— «Аль-Айн» финалға апарар жолда Криштиану Роналду өнер көрсететін «Аль-Насрды» және «Аль-Хиляльді» жеңді. Олардан мұндай ойынды күттіңіз бе?

«Аль-Айн» белгілі команда және бірнеше жыл бұрын да жақсы ойын көрсетті. Мұндай нәтижеге таңғалған жоқпын.

— Сіздің ойыңызша, кубокты кім жеңеді?

Әрине, мен «Иокогаманың» ұтатынына үміттенемін.

— Қазір немен айналысып жүрсіз? Менің білуімше, сіз жұмыссыз жүрсіз?

Мен жеке жаттығудамын. Бірақ мен келіссөздер жүргізіп жатырмын және жақын арада Азиядан бір клубпен келісімге келемін. Шамалы уақыттан кейін бұл туралы ресми жариялай аламын деп ойлаймын.

«Елімай» сапында сәтті өнер көрсеткеннен кейін Қазақстаннан ұсыныстар түсті ме?

Кейбір қазақстандық командалар мен агентіммен келіссөздер жүргізді және мені алуға тырысты, бірақ өкінішке орай, бұл орындалмады.

Қазіргі уақытта «Елімайдың» ойынын қарайсыз ба? Команда құрамы мен ойыны туралы не айта аласыз?

Иә, мен барлық ойындарды көруге тырысамын. Оларда бәрі жақсы, мақсаттарына жете алады деген үміттемін.

— Жыл басында сізді команда оқу-жаттығу жиындарына шақырды, бірақ ақырында келісімшартқа қол қойылмады. Неге бұлай болғанын айта кетсеңіз?

Иә, мен Түркияда командамен бірге болдым. Мен бас бапкердің ойынына сай келмедім. Алайда, футбол әлемінде мұндай жағдайлар жиі кездеседі.

— Жапония U-23 Азия кубогын жеңіп, Олимпиада ойындарына жолдама алды. Эмоцияларыңызбен бөлісе аласыз ба?

Жастар құрамасының жеңісіне қатты қуандым. Ойындар қиын болды, бірақ олар жақсы командалық жұмыс пен өнер көрсетті.

— Құрамадан кімді атап өтуге болады?

Джоэл Фудзита («Сент-Трейден», Бельгия) мен Курю Мацуки («Токио», Жапония) шынымен жақсы ойнады.

— Жапонияда африкалық қаны бар ойыншылар, мысалы, Фуджицу мен Лео Кокубо бар. Ұлттық құрамадағы афроазиялықтардың (хафу) интеграциясы туралы не ойлайсыз?

Бізде қаны аралас бірнеше ойыншы бар. Олар Жапонияда дүниеге келіп, туған жерін мақтан тұтады және олар жапон тактикасы мен стратегиясын сәтті қабылдаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;