русский язык
Хоккей

ӘЧ-2024: ҚХЛ клубтарынан 20 ойыншы Қазақстан құрамасы сапына шақырту алды

ӘЧ-2024: ҚХЛ клубтарынан 20 ойыншы Қазақстан құрамасы сапына шақырту алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасы 10-26 мамыр аралығында Чехияда өтетін хоккейден әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрамаға ҚХЛ-дың 5 командасынан 20 хоккейші енді.

Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі де — «Барыс»), Сергей Кудрявцев («Арлан»).

Қорғаушылар: Дмитрий Бреус («Торпедо»), Самат Данияр, Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров (барлығы — «Барыс») Артем Королев, Мәди Диханбек (екеуі де — «Номад»), Леонид Метальников («Адмирал»), Валерий Орехов («Металлург»).

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков, Роман Старченко, Михаил Рахманов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков (барлығы — «Барыс»), Олег Бойко («Номад»), Дмитрий Гренц («Арлан»), Никита Михайлис, Максим Мухаметов (екеуі де — «Металлург»), Кирилл Панюков («Амур»).

Қазақстан «В» тобында өнер көрсетіп, Франция, Германия, АҚШ, Латвия, Польша, Швеция және Словакия командаларымен плей-оффқа шығу үшін таласқа түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;