Әлем футболы

Дэвид Бекхэм актер Марк Уолбергті сотқа берді: футболшы миллиондаған доллар талап етіп отыр

Дэвид Бекхэм актер Марк Уолбергті сотқа берді: футболшы миллиондаған доллар талап етіп отыр
news-banner7
mobile-news-top

Бұрынғы футболшы Дэвид Бекхэм актер Марк Уолбергтің компаниясын сотқа берді. Бекхэм 18,8 миллион доллар талап етіп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дэвид Бекхэм мен Марк Уолберг арасындағы іс 2020 жылдан бері жалғасып келеді. Сол кезде спортшы сотқа жүгініп, актердің фитнес-компаниясы жарнамалық келісімшарт талаптарын бұзғанын айтқан.

Арызда компания Бекхэмнің арқасында пайда көріп, өз абыройын асқақтатқаны жазылған. Бірнеше жылда компания табысы еселеп өскен, бірақ осы уақыт ішінде Бекхэм белгіленген сомада ақшасын ала алмаған. 2022 жылы шілдеде Бекхэмнің заңгерлері Уолбергтің компаниясынан 14,3 миллион доллар талап еткен еді. Бір жылдан кейін процесс Калифорния федералды сотына жіберілді.

Бұл іс әлі де жалғасып жатыр, себебі фитнес-компания Бекхэмге сұраған ақшасын бермеген.

Соттың келесі отырысы 2025 жылдың 25 қаңтарына жоспарланып отыр. Бұл арызда Уолбергтің компаниясынан 2023, 2024 және 2025 жылдар үшін де ақша сұралған, бүгінде 18,8 миллион долларға жетіп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер