ММА

Жалғас Жұмағұлов биыл UFC-де қайта жекпе-жек өткізуі мүмкін

Жалғас Жұмағұлов биыл UFC-де қайта жекпе-жек өткізуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

35-жасар ММА файтері Жалғас Жұмағұлов UFCмен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

«Жарақаттан айықтым. Жақын арада Америкаға ұшамын, сол жақта боламын. Тамыз айында жұдырықтасқым келеді. Саятпен сөйлестік, UFCмен келісудеміз. Біреудің орнына немесе өзім де шығамын. Тамыз, қыркүйек, қазан білмеймін нақты.

Мүмкіндік болған кезде бірден UFCге кіремін. Ең бастысы жеңісті сериямен келемін. Допингпен проблема жоқ, кез келген уақытта өте аламын», — деді Жұмағұлов.

Жұмағұлов UFC аясында 2020 жылдың шілдесі мен 2023 жылдың маусымы аралығында өнер көрсетті. Оның еншісінде ММАде 16 жеңіс және тоғыз жеңіліс бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер