Басқа

Қазақстан хоккейінің аңызы мансабын «Барыста» жалғастырады

Қазақстан хоккейінің аңызы мансабын «Барыста» жалғастырады
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы Роман Старченкомен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде мәлімдейді. Біржақты келісімшарт бір маусымға 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін есептелген.

Бұл Қазақстан хоккейі аңызының «Барыс» құрамындағы 16-маусымы болмақ. Өткен маусымда Старченко бір команда сапында (астаналық клуб құрамында 783 кездесуге қатысқан) өткізген матчтар саны бойынша ҚХЛ рекордын жаңартты және Лигадағы 800-ойынын өткізген оныншы ойыншы атанды. Команда капитаны өткен тұрақты чемпионаттың 43 матчында 19 (4+15) ұпай олжалады. Қазіргі таңда Роман – клуб тарихындағы екінші снайпер (207 шайба).

Олег Болякин, «Барыс» бас менеджері

- Команда құрамында осындай шебер ойыншыны сақтап қалғанымыз үшін қуаныштымыз. Оған қоса, жаңа маусымға құрам жасақтауды капитаннан бастағанымыз да қуантады. Роман – сөзсіз көшбасшы және мұз айдында да, киім ауыстыратын бөлмеде де зор абыройға ие. Ойында атқаратын функцияларынан бөлек, лигаға енді қадам басқан жас ойыншылармен тәжірибесімен бөлісуді жалғастырады деп сенеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер