Хоккей

Әлихан Әсетов тағы бір жыл Барыс сапында өнер көрсетеді

Әлихан Әсетов тағы бір жыл Барыс сапында өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы Әлихан Әсетовпен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде хабарлады. Екіжақты келісімшарт бір маусымға есептелген (2025 жылдың 31 мамырға дейін).

Қазақстан құрамасының шабуылшысы бүкіл мансабын дерлік «Барыс» жүйесінде өткізді. Өткен ҚХЛ тұрақты чемпионатында Әсетов 41 матчта өнер көрсетіп, үш нәтижелі паспен көзге түсті. Сондай-ақ, Әлихан «Номад» сапында Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. ProLigasy плей-офф кезеңінде ол 12 матч өткізіп, 9 (4+5) ұпай олжалады.

Олег Болякин, «Барыс» бас менеджері

- Әсетовті тәжірибелі ойыншылардың бірі деуге болады, оның ҚХЛ-да өнер көрсетіп келе жатқанына алты жыл болды. Әлихан кез келген жағдайда командаласын қорғауға дайын, мұз айдындағы күрес пен алаң бұрыштарында жасалатын жұмыстан қорықпайды. Сондықтан келесі маусымда командадағы көшбасшы ойыншылардың бірі атанады деп сенеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер