Басқа

Семсерлесуден Қазақстан командасы лицензиялық турнирге аттанды

Семсерлесуден Қазақстан командасы лицензиялық турнирге аттанды
news-banner7
mobile-news-top

27-28 сәуір күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында семсерлесуден Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Төртжылдық додасына жолдама беретін жарысқа 28 елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар.

Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды:

Әйгерім Сарыбай - сабля

Артем Саркисян - сабля

София Николайчук - шпага

Ғалым Нұрымов - рапира

София Ақтаева - рапира

Айта кетелік, мұнда әрбір қару түрінен бір жолдамадан ойнатылады. Сондықтан, Париж Олимпиадасына жолдама алу үшін тек қана бірінші орын иелену керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер