ММА

UFC чемпионы жарақатынан кейін жаттығуға оралды

UFC чемпионы жарақатынан кейін жаттығуға оралды
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр салмақтағы UFC чемпионы Джон Джонс жарақатынан кейін жаттығуға оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ММА файтері әлеуметтік желіде жаттығу залынан сурет жариялады.

Джонс 2023 жылдың аяғында UFC 295 турнирінде Стип Миочичпен жекпе-жек өткізуі керек еді, бірақ жарақатына байланысты ұзақ уақыт кездесу өткізе алмады.

«Жарақаттан кейін жаттығу залындағы бірінші күн. Керемет сезім. Бұл тек бастамасы ғана», - деп жазды Джонс.

36 жастағы Джонс Миочичпен 2024 жылдың соңына дейін жекпе-жек өткізеді деп күтіліп отыр, ал ауыр салмақтағы уақытша UFC чемпионы Том Аспиналл осы жазда Манчестерде кездесу өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер