Әлем футболы

Қытайдың ең үздік лигасында жұдырықтасқан қазақстандық спортшы жеңіліп қалды

news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың ең үздік лигасында жекпе-жек өткізген қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Асылжан Таскет жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Naiza, Alash Pride сынды отандық лигаларда жақсы өнер көрсетіп жүрген Асылжан Таскет Қытайдың ең үздік тұжырымы саналатын JCK ұйымында жекпе-жек өткізіп, жеңіліске ұшырады. Отандасымыз JCK Juecheng Night N83 турнирінде жергілікті спортшы Лу Каймен жұдырықтасып, бірінші раундта техникалық нокаутпен ұтылып қалды. Жартылай жеңіл салмақта өткен жекпе-жекті отандасымыз жақсы бастаған. Бірақ қарсыластың қарымта ауыр соққысынына ілініп, өз-өзіне келе алмады.

Айта кетейік, бұл Асылжанның халықаралық аренадағы алғашқы жарысы және жеңілісі. Ал Луй Кай UFC-ге жолдама беретін Road to UFC турниріне екі рет қатысып, бір мәрте жартылай финалға дейін жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер